Спорт әлемі

Илья Малинин Қазақстанға келгісі келеді

Илья Малинин Қазақстанға келгісі келеді

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин Қазақстанға келуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеп, еліміз туралы бұрыннан бері көп жақсы пікір еститінін жеткізді.

Спортшының айтуынша, Қазақстанға Михаил Шайдоровпен немесе басқа да қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылармен бірге келу қызықты болар еді.

– Меніңше, бұл тамаша сапар болар еді, – деді Малинин.

2026 жылғы Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында америкалық спортшы ерлер арасындағы жекелей сырғанауда алтын медальдің басты үміткері саналған еді. Алайда еркін бағдарламада жіберген қателіктерінің салдарынан ол сегізінші орынмен шектелді.

Ал Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров ел абыройын асқақтатты.