Димаш жаңа халықаралық музыкалық жобасын таныстырды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Димаш Құдайберген Voice Beyond Horizon («Көкжиектен асқан үн») атты жаңа халықаралық музыкалық жобаның басталатынын хабарлады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Шоу әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей көрсетіледі, ал жобаның премьерасы 5 ақпанға жоспарланған.
Өнер иесі қазақстандықтарды жаңа бастаманы қолдауға шақырды. Димаштың айтуынша, бұл жоба отандық шоу-бизнесті халықаралық деңгейде танытуға, сондай-ақ музыка арқылы креативті индустрияны, туризм мен экономиканы дамытуға бағытталған.
Әнші жобаның идеясы осыдан тоғыз жыл бұрын, I’m Singer байқауына қатысқан кезеңде туғанын атап өтті. Сондай-ақ Voice Beyond Horizon оның жеке жобасы емес, жас орындаушыларды қолдауға арналған ашық платформа екенін жеткізді.
Аталған музыкалық жобаға Сербия, Италия, Малайзия, Қырғызстан, Қытай және Қазақстаннан келген жас вокалистер қатысуда.