Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Танымал әзілкеш, Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында шу шығарып, мас күйінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды KazFace.kz.
Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының мәліметіне сүйенсек, Қабатовты ұсақ бұзақылық әрекет жасады деп айыптауда.
Ресми қаулыда ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдіргені анықталды. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.
Ұсақ бұзақылық әрекеті мен азаматтардың тыныштығын бұзғанын куәгер (аға стюардесса) растапты.
Жоғары сот қаулысынан оқиға 2 маусымда сағат 7:30 шамасында Алматы – Астана бағытындағы ұшақ бортында болғаны анықталды. Сот процесі 25 маусымда өткен. Дәл сол күні әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды делінген анықтамада.