Әлем жаңалықтары
6-го апреля 2026 г. 11:49
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Шетелдік дереккөздердің хабарлауынша, Дональд Трамп Walter Reed National Military Medical Center әскери-медициналық орталығына жеткізілген, деп хабарлайды KazFace.kz.
Алайда оның нақты диагнозы мен жағдайы туралы ресми мәліметтер жарияланған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, ең көп талқыланып жатқан мәселе – саясаткердің денсаулығы емес, қоғамның оған деген реакциясы.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда кейбір тұрғындардың аурухана маңына жиналып, музыка қосып, көліктерімен сигнал бергені байқалады.
Қазіргі уақытта ресми органдар бұл жағдайға қатысты толыққанды түсініктеме берген жоқ. Сарапшылар мұндай ақпараттарға сақтықпен қарап, тек ресми дереккөздерге сүйену қажет екенін ескертеді.