Жаңалықтар

Прокуратура Атырауда экология қызметкерін жауапқа тартты

Прокуратура Атырауда экология қызметкерін жауапқа тартты

Жұлдыз ОРАЗХАН

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзған экология департаментінің қызметкерін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Аталған мемлекеттік қызметші заңмен белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан.

Қадағалау актісінің негізінде ол теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Сонымен қатар, заңнама талаптарын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 498-бабы — құқықтық статистика және арнайы есептер деректерін ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру немесе бұрмалау) экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас маманы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуын қадағалау тұрақты негізде жүзеге асырылатынын атап өтті.