10 жылға сотталған әкім 2 миллион беріп бостандыққа шықты
Былтыр пара алғаны үшін 10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов айыппұл төлеп, колониядан босап шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері мәлімдеді.
2023 жылдың 8 қыркүйегінде Қапшағай қалалық сотының бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен ауыстыру туралы қаулысы негізінде сотталушы Д.Махажанов Заречный кентіндегі №57 мекемеден шығарылды, – деді.
Махажанов 2022 жылдың шілдесінде сот оны 50 миллион теңге пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда бір жылдан кейін Жоғарғы сотта бас прокуратураның наразылығымен оның әрекеті алаяқтық ретінде қайта қаралған. Шенеуніктің жәбірленушіден ақшаны пара ретінде алмағаны, жәбірленушіні алдап соққаны анықталған.
Осылайша "пара алуға оқталу" бабы "алаяқтыққа оқталу" болып қайта қаралып, әкімнің жазасы 10 жылдан бес жылға дейін қысқартылған.
Ал қыркүйекте бұрынғы шенеунік 1 миллион 988 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шықты. Үкім заңды күшіне енді. Осылайша экс-әкім 15 айға жуық уақытын темір тордың артында өткізіп, бостандыққа шықты