Спорт әлемі
3-го февраля 2026 г. 17:35
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Серік Сәпиев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, KazFace.kz.
Ол жазғы XX Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабтың спорттық блок бойынша үйлестірушісі қызметін атқарады.
ҚР туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған шешім өткен жылы күшіне енген «дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданған.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз өтініштері бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы басшы және орынбасар қызметтерінен босатылғаны туралы жазған едік.