Жұлдыздар өмірі

Мәжілісменнің тоқалы баласын көрсетті

Мәжілісменнің тоқалы баласын көрсетті

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген баласын қолына алып, мектептің санитарлық жағдайын тексеруге барды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Нұрайым Шақимерген мектепке оқу орнындағы әжетханалардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындардың шағымынан кейін барған. Депутаттың айтуынша, сол күні бала күтуші ауырып қалып, кездесуді кейінге қалдыру мүмкін болмаған.

«Балам өзге ешкімге көнбейді. Ал халықпен кездесу — үлкен жауапкершілік. Сондықтан кей сәттерде баламмен бірге елге қызмет етуге тура келеді», — деді ол.

Нұрайым Шақимерген өзін жалғызбасты ана ретінде атап, соған қарамастан қоғамдық міндеттен қашпайтынын жеткізді.

«Бұрын жалғызбасты аналарды аяйтынмын. Қазір сол қатардамын. Бірақ түсінгенім — жалғызбасты аналар әлсіз емес. Олар — ішкі күші мықты жандар. Қандай жағдайда да тоқтап қалмайды», — деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нұрайым Шақимергенмен байланысы бар екенін және одан баласы бар екенін ашық мойындаған. Сондай-ақ баласына өз тегін бергенін  де жасырмаған еді.