Билік

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне миллиардтаған жарнасыз кірді

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне миллиардтаған жарнасыз кірді

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз мүше болды, деп хабарлайды KazFace.kz

Ақорданың түсіндіруінше, Бейбітшілік кеңесіне мүшелікке қабылдау үшін мемлекет тарапынан қабылданатын егемен шешім ғана талап етіледі. Кеңеске мүше болған елдің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

Сондай-ақ, кеңес жарғысында көрсетілген 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің міндетті шарты болып саналмайды. Бұл — әрбір қатысушы мемлекеттің өз қалауы бойынша жүзеге асырылатын құқық.

Егер мұндай ерікті жарна алғашқы бір жыл ішінде енгізілсе, мемлекетке Бейбітшілік кеңесіндегі мүшелік мерзімін белгіленген үш жылдан ұзарту мүмкіндігі беріледі.

«Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз кірді. Бұл шешім жарғы талаптарына толық сәйкес келеді», — деп атап өтті Ақорда баспасөз қызметі.