Әлем жаңалықтары
11-го февраля 2026 г. 11:42
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Канаданың Британдық Колумбия провинциясында жаппай атыс оқиғасы орын алды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Атыс салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 25 адам жарақат алды. Телеарнаның мәліметінше, алты адам Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектеп ғимаратында көз жұмған күйінде табылған. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Екі адамның мәйіті тұрғын үйден табылды.
«Тамблер-Риджде (Британдық Колумбия) болған атыс салдарынан 10 адамның қаза тапқаны расталды», — деп хабарлады CBC News.
Полицияның болжамынша, барлық оқиғалар өзара байланысты. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, атыс жасады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсаған. Оның әрекетінің себептері әзірге жарияланған жоқ.