Жаңалықтар

"Болашақтың" әр студентінен кім 30% агенттік комиссия алады?

"Болашақтың" әр студентінен кім 30% агенттік комиссия алады?

 "Болашақтың" әр стипендиатынан үшінші тұлғалар 30% агенттік комиссия алады деп мәлімдеме жасады депутат Айгүл Жұмабаева жалпы мәжіліс отырысында.

- "Болашақ" бойынша білім алу 30 миллион теңгеге дейін жетеді. Әртүрлі елде оқу ақысы әрқалай. Студенттердің айтуынша университеттермен салыстырғанда "Болашақ" бойынша оқу қымбат. Мәселен, университетте докторантурада оқу 100 мың доллар болса, "Болашақпен" 270 мың доллар, - дейді Жұмабаева.

Британдық университет өкілдері үшінші тұлғалардың әрбір студенттен 30% агенттік комиссиясы үшін алады деп сыбайлас жемқорлықтың схемалары туралы дабыл қағатынын жеткізді депутат. 

- Британдық парламент депутаты Адам Хат білім саласы бойынша баяндама жариялады. Құжатта британдық университеттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша студенттер қабылдау үшін ықпалды тұлғаларға қомақты агенттік гонорар төлеуге мәжбүр екенін мәлімдеген, - дейді.

Ол сондай-ақ «Болашақ» банктік депозиттері бойынша 3 млрд теңгеге жуық шығынға ұшырағандығы туралы ақпаратты тілге тиек етті. Тіпті, білім алған студенттерді екі түрлі санайтынын, статистикалық мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

- "Болашақ" бағдарламасы бойынша 30 жылда 12 мыңдай маман даярланған, 1 мыңға жуығы қазір білім алуда. Бірақ, бағдарлама әлі де елдегі кадр жетіспеушілік мәселесін шешпеді. Миллиардтаған қаражат "Болашақтың" шетелдегі қымбат тіл курстарына жұмсалады, - деп күйінеді депутат. 

Осылайша, Жұмабаева білім беру құнын ықтимал асыра бағалау, стипендиаттардан агенттік комиссия алудың сыбайлас жемқорлық схемаларын ұйымдастыру фактілері бойынша тексеру жүргізуді талап етті.