Спорт әлемі

Серик Сапиев пен оның орынбасары қызметінен босатылды

Серик Сапиев пен оның орынбасары қызметінен босатылды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Карағанды облысының дене шынықтыру  және спорт басқармасының басшысы Серик Сапиев пен оның орынбасары Даурен Есимханов өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл  туралы облыс әкімдігі хабарлады. 21 қаңтарда Сапиев пен Есимханов арасындағы дау салдарынан ұсақ-түйек жарақат алғаны үшін қылмыстық іс тіркелген. Кейін кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп, тараптар бір-бірімен келісе отырып мәселені шешкені белгілі болды.

Сапиев — 2012 жылғы олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы және Қазақстанның спорт шебері. Есимханов — самбо мен джиу-джитсу әлемдік және азиялық чемпионатының жүлдегері.

Айта кетейік, бұл төбелес Карағанды қаласындағы бір спорт кешенінде орын алған. 23 қаңтарда мәлім болғандай, Сапиев өзінің орынбасары Даурен Есимхановпен болған қақтығыстың нәтижесінде дене жарақаттарын алған, бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркелген.