Қоғам

Димаштың шет елдегі жанкүйерлері Қазақстанға көмектесіп жатыр

Димаштың шет елдегі жанкүйерлері Қазақстанға көмектесіп жатыр
Танымал әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқан жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды KazFace.kz.


"Сәлеметсіздер ме, құрметті ханымдар мен мырзалар! 
Менің әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын тыңдаушыларым Қазақ елі үшін қиын кезеңде гуманитарлық көмек жіберіп жатқандығы туралы ақпарат алдым. Мені және менің елімді әрдайым қолдайтындарыңыз үшін көп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін!", - деді ол бейнежазбада.


Айта кету керек, әнші сондай-ақ,  "Демеу Қазақстан" қайырымдылық қорына өзінің атынан 15 млн теңге көлемінде ақша аударған. Тіпті, су тасқынынан зардап шеккен жерлерге барып, қарапайым халықпен бірге болған.