Премьер-министр Олжас Бектенов өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыруға арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жиында жаңа Конституция жобасының мән-маңызына ерекше назар аударылды. Премьер-министрдің айтуынша, құжат ел тарихындағы ауқымды әрі ашық талқылаудан өткен маңызды бастама болып отыр.
Президент атап өткендей, жаңа жобада «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқын көрініс тапқан. Конституциялық реформаның басты мақсаты – саяси жаңғырумен қатар, экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз етіп, халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыру.
Олжас Бектенов бұл бағыттағы міндеттерді тиімді орындау үкімет жұмысының негізгі басымдығы екенін атап өтті.