Президент сенімін ақтамағандар 3 жылға дейін жұмыстан шектетіледі
Президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер енді жұмыстан шығарылып, 3 жылға дейін мемелекеттік қызметтен шектеледі, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Кеше “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қабылданған.
Сенімін жоғалту институты - президент тағайындаған жағдайда сол адам өзінің жүктелген міндеттерін тиісінше атқармаған немесе орындамаған жағдайда президент оған "сенімді ақтай алмады" деп оны орнынан алып тастауға құқылы. Мысалы, қазір бізде саяси мемлекеттік қызметшілер өз қалауымен кетеді немесе президенттің шешімімен отставкаға жіберілді. Ал "сенімді жоғалтты" деген ұғым заңда болмаған. Бұл норма бойынша қызметкер жұмыстан шығарылып, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады, - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.
Оның айтуынша, бұл заңды тек президенттің өзі ғана қолданады. Себебі, сенімінен шықпаған мемлекеттік қызметкерді өзі тағайындайды. Жалпы мемлекеттік қызмет заңына “сенім жоғалтты” деген тәртіп бірінші рет енгізіліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл заң жобасы Парламентке жіберіліп, қарауына енгізілгені туралы жазған болатынбыз.