Жаңалықтар

Жасанды диплом алған қазақстандықтар анықталды

Жасанды диплом алған қазақстандықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір жылдың ішінде жоғары білім алған 1 243 түлекті анықтады. Бұл туралы 2023 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада айтылған, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тексеру жұмысы  барысында ЖОО-дың  білім туралы жалған құжаттар беру жүйесін әшкереледі.

Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарына жоғары білім туралы дипломдарды өз бетінше дайындау және беру құқығы берілді. Бұл ретте дипломның түпнұсқалығы ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДБ) жазбаның болуымен расталды, оған мәліметтер енгізу және оларды түзету үшін ЖОО-ның 2,6 мың қызметкері қол жеткізді. ЖОО-ның тағы 550 қызметкеріне, оның ішінде қызметі әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстармен байланысты емес қызметкерлерге дипломдар үшін QR-кодтар жасау құқығы берілді. Осылайша, жоғары оқу орындары қызметкерлерінің мұндай қызметке тиімді бақылау болмаған кездегі шексіз өкілеттіктері жалған дипломдар беру үшін тәуекелдер туғызды, - делінген баяндамада.

Тек 19 ЖОО-да іріктеп зерделеу кезінде базада тізімделген, бірақ жоғары оқу орындарының құжаттары мен дерекқорларында жоқ 2 733 адам анықталды. Антикорда бұл сәйкессіздіктер жалған дипломдарды заңдастырумен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сондай - ақ ҰБДБ-да түлектерді ретроактивті түрде қосу мүмкіндігі болды, өйткені жүйе бұған тыйым салмады және құжаттарды бекіту функциясын көздемеді, - деп атап өтті cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманы.

Талдау шеңберінде 1 143 диплом белгіленді, оларды оқу орындары бергені расталмады. Нәтижесінде 10 ЖОО-да түлектер санының екі есе өсуі байқалды,олардың кейбірінде-4 есе.

Заңсыз әрекеттер философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар (PD) дипломдарын беру рәсімдерінде де анықталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі диплом бланкілерін сатып алуды, толтыруды, тіркеуді және беруді дербес жүзеге асырғаны анықталды (...) Бұл ретте бланкілерді есепке алу және сақтау тәртібі регламенттелмеген, берілген дипломдарды тіркеу еркін нысандағы қағаз журналда жүзеге асырылды. Бланкілердің қозғалысын бақылау және олардың сақталуына жеке жауапкершілік ешкімге жүктелмеген, - деп толықтырды жауаптылар.

Сондай-ақ 1 жыл ішінде жоғары білім алған 1 243 түлек анықталды.

Мұндай фактілердің себептерінің бірі жоғары оқу орындарының бұрын қол жеткізілген оқу нәтижелерін мойындауды ескере отырып, қысқартылған оқу мерзімдерін өз бетінше айқындау құқығы болып табылады. Бұл ретте құжаттардың толық тізбесі, танылуға жататын оқыту түрлері бекітілмеген, бұл жоғары оқу орындарына кез келген мерзімде мамандар шығаруға мүмкіндік берді, - деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода.

Дипломдар айналымы және ғылыми дәрежелер беру мәселелері бойынша ұсынымдарды іске асыру шеңберінде заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, берілген дипломдар туралы ҰБДБ-да деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі норма енгізілді. Енді ЖОО-лар енгізілген мәліметтер үшін жауап береді.