Жаңалықтар

Ғылым қорындағы кемшіліктер: 11 қылмыстық іс қозғалды

Ғылым қорындағы кемшіліктер: 11 қылмыстық іс қозғалды

Президент ғылыми жобалар елге нақты пайда әкелуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, үш мыңнан астам қолданбалы жобаның тек 193-і ғана коммерцияландыруға жарамды нәтиже көрсеткен, ал нарыққа небәрі 29 жоба шыққан, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сондай-ақ, ғылым қоры қызметінде елеулі кемшіліктер анықталған. Тексеру нәтижесінде грант қаражаттарының заңсыз аударылуына байланысты 11 қылмыстық іс қозғалған. 

Мемлекет басшысы бұл жағдай ғылыми орта беделіне нұқсан келтіргенін айтып, жауапкершіліктің әлсіздігі, бақылаудың жеткіліксіздігі және цифрландырудың төмен деңгейі осындай мәселелерге әкелетінін жеткізді. 

Президент ғылымды қаржыландыруда қатаң тәртіп пен нақты басымдық қажет екенін атап өтті. Жыл сайын ғылымға 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетініне қарамастан, оның тиімділігі жеткіліксіз екені айтылды.