Қоғам

ҰБТ-да 140 балл жинаған ауыл баласы Hyundai Sonata ұтып алды

ҰБТ-да 140 балл жинаған ауыл баласы  Hyundai Sonata ұтып алды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд. 140 баллды Қарабұлақ ауылының оқушысы Еңсебек Жаннұр жинады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Еңсебек Жаннұр барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады. Ол Қазақстан тарихынан - 20, Оқу сауаттылығы - 10, Математикалық сауаттылық - 10, екі бейіндік пәннен мүмкін болған 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.

Кешелі бері  ауыл баласының инстаграм парақшасына  қызығушылық бірден артты.  Оның жазбаларынан байқағанымыз 140 білім беру орталында оқып, ҰБТ-ға дайындалған. Сол орталықтың басшысы ең жоғарғы баллды жинаған оқушыға Hyundai Sonata автокөлігін сыйға тартамын деп жариялаған екен. 



Айта кетейік, кеше ғана жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен болатын. Бір жүйіріктен-бір жүйірік асып, бүгін Еңсебек Жаннұр 140 балл жинап, рекордты жаңартты.