Жеңілдетілген автонесие қайта берілмейді

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының болашағы туралы айтты, деп хабарлайды KazFace.kz
Журналистер елімізде жаңа автокөліктерді сатып алуды ынталандыру тетіктері туралы сұрақ қойды. Роман Склярдың айтуынша, бұған дейін автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінген болатын.
“Бұған дейін 100 млрд теңге бөлініп, 20 күн ішінде 15 мың азамат несие алды. Бірақ бұл ел ішінде шектен тыс ажиотаж тудырды. Қазір бюджет жоғары пайыздарды субсидиялай алмайды. Сондықтан бұл бағдарламаны қайта бастау жоспарда жоқ”, – деді ол.
Еске салсақ, 2023 жылғы 6 ақпанда басталған автонесиелеу бағдарламасы 18 секундта толып, көптеген азамат сайттың жұмыс істемегеніне шағымданған еді.