Жастар 40 күндік ақылы әскерге құмар

Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Әскерден жалтарып, 40 күндік қызметті сатып алатындар саны артып келеді. Бұл үрдіске тыйым салу үшін арнайы заң қарастырылуда, деп хабарлайды Kazface.kz тілшісі atameken.business сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі әскери міндеттен жалтарғандарға қатысты тәртіпті күшейтпек. Биыл оны заңмен бекітпек. Енді әскерден мүлде бас тартуға мүмкіндік болмайды. Сарапшылар әскерге бармағандарды мемлекеттік қызметке алмау туралы ұсыныс енгізіп отыр.
«Халық жеңіл нұсқасын қалайды. Бір жыл емес, 40 күн. Билет алып, ары қарай жұмыс істей береді», – дейді ҚР Қарулы Күштері штабы департаменті бастығының орынбасары Фархад Айдарбаев.
Алайда мамандар бұл қысқа мерзім 29 әскери мамандықты игеруге жеткіліксіз екенін алға тартады. Бұл курстар бастапқыда денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыздар үшін ашылған еді, алайда бүгінде ол өзінің бастапқы бағытын өзгерткен.