ҰҚК құрамына енген Антикордың басшысы тағайындалды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Нұржан Құсайынов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына енген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұржан Құсайынов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің директоры болып тағайындалды.
Айта кетейік, 2025 жылғы мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұржан Құсайыновқа ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы шенін берген болатын.
Еске сала кетейік, 30 маусым күні президенттің жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылып, ҰҚК құрамына қосылған еді. Қайта құрылған құрылым Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі деп аталады.