Тоқаев Астанадағы бір көшеге Италия саяхатшының есімін бермек

Мемлекет басшысы Астананың орталығында италиялық әйгілі саяхатшы Марко Полоның есімі берілетін көше ашылатынын жариялады, деп хабарлайды KazFace.kz
Акордадағы кездесуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия президенті Серджо Маттарелла екі ел арасындағы достықты нығайтуға уағдаласты.
Тоқаевтың айтуынша, соңғы 20 жылда Италия Қазақстанға 7,6 млрд доллар инвестиция құйған. Бүгінде елімізде 250-ге жуық италиялық компания жұмыс істейді.
«Италия – Қазақстанның үш ірі сауда серіктесінің бірі. Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз өте қарқынды дамып келеді және алдағы уақытта да үлкен әлеуетке ие», – деді президент.
Көшбасшылар сауда, энергетика, технология, туризм және білім саласындағы әріптестікті талқылады. Сонымен қатар, биыл мамыр айында өткен «Орталық Азия Италия» саммитін және Джорджа Мелонимен кездесуді жоғары бағалады.
Еске сала кетсек, Марко Поло – XIII ғасырда өмір сүрген атақты италиялық саяхатшы. Ол Азия арқылы Қытайға жетіп, Құбылай ханның сарайында тұрған.