"Майқайың" кен орнында құтқарушының денесі табылды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Осы жылдың қаңтарында "Майқайың”алтын кенішінде қаза тапқан құтқарушының денесі табылды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушының мәйіті 70 метр тереңдіктен табылған.
«Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар "КӘАҚҚ РО" ЖШС-мен бірлесіп денені бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды. Марқұмның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін оқиға орнына ТЖД психологы да келді»,- дейді мамандар.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кенішінің жанында төрт маманы бар автобус шұңқырға құлаған. Ол кезде тек екеуінің денесі табылған еді. 5 ақпанда қалған екеуін іздеу жұмысы құлау қаупі жоғары болғандықтан тоқтатылды. Айдос Шаймерден-денесі табылған төрт апат құрбанының үшіншісі. Төртінші адамның денесі осы уақытқа дейін табылған жоқ.