Жаңалықтар
14-го августа 2025 г. 10:07
Қазақстанның шахматтан бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл қуанышты жаңалығын спортшы Instagram парақшасында бөлісіп, жүрекжарды жазбасын жариялады.
«Сен менің жүрегімнің астында тыныстап жатқан шағыңда-ақ, өзіңді әлі көрмесем де, жақсы көріп үлгеріп едім», – деп жазды Жансая.
Белгілі спортшының жұбайы – 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келе жатқан Нұрахмет Нұриев. Екі жас 2023 жылы отау құрған.
Жанкүйерлер мен достары жас ата-ананы әлеуметтік желіде құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр мен бақыт тілеуде.