Жаңалықтар
4-го июля 2025 г. 12:28
Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған қазақстандық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен табылды , деп хабарлайды Kazface.kz
Ол 2022–2023 жылдары Алматыда «Wildberries» компаниясына инвестиция салғызамын деп алты адамды алдап, ақшаларын иемденген. Қылмыстан соң шетелге қашып, екі жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген.
Биыл сәуірде БАӘ-де ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Оған 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, маусым айында шетелде жасырынып жүрген тағы үш қазақстандық елге қайтарылған болатын.