Спорт әлемі

Стефанос Циципас Almaty Open турниріне қатысады

Стефанос Циципас Almaty Open турниріне қатысады

Грек теннисшісі, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Стефанос Циципас Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Турнир 11–19 қазан аралығында өтеді. Циципас — Roland Garros (2021) және Australian Open (2023) финалисі, 2019 жылғы ATP Finals жеңімпазы, 12 ATP титулының иегері. Ол 2022 жылы Астанада өткен ATP 500 турнирінің финалына дейін жеткен еді.

«Қазақстанға қайта оралуды асыға күтемін. Бұл ел менің жүрегімде жылы естеліктер қалдырды. Бұл жолы Алматыда ойнаймын. Кездескенше!» – деді теннисші.

Бұған дейін турнирге Даниил Медведев, Карен Хачанов және Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те қатысатынын растаған.