Билік

«Барыс» басшысы жайлы Антикор не деді?

«Барыс» басшысы жайлы Антикор не деді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі Данияр Бигайдаров бұрын алаяқтық үшін сотталған Сәкен Мұсайбековтің «Барыс» клубының бас директоры болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оның айтуынша, Мұсайбеков Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша сотталған. Алайда сол кезде бұл бап коррупциялық қылмыс ретінде танылмаған.

«2022 жылдан бастап бұл бапқа өзгерістер енгізіліп, ол коррупциялық сипатқа ие болды. Енді осы баппен сотталғандар мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алмайды», – деді Бигайдаров.

Заңнамадағы бұл өзгерістер кері күшке ие емес. Сондықтан Мұсайбеков қазіргі заң аясында квазимемлекеттік лауазымға тағайындала алған.

Айта кетейік, ол 2025 жылдың 17 маусымында «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды. Сонымен қатар, Мұсайбеков – Ұлттық Олимпиадалық комитеттің қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті және бірқатар жеке кәсіпкерлік жобалардың жетекшісі.Начало формы