Билік

Қазақстанда жаңа көлік министрі тағайындалды

Қазақстанда жаңа көлік министрі тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Нұрлан  Сауранбаев – мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман. Ол бұған дейін Халықаралық EXPO-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетін басқарды, Шымкент қаласының әкімі болды, сондай-ақ президент әкімшілігесінде түрлі лауазымдар атқарған.

2021 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін көлік министрі қызметін Марат Қарабаев атқарып келген болатын. Маусым айында ол мемлекет басшысының сынынан кейін қызметінен босатылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған сөгіс жариялаған еді.