Спорт әлемі

Қарағандылық ата-аналар балалар хоккейін қаржыландыруда әділдік сұрайды

Қарағандылық ата-аналар балалар хоккейін қаржыландыруда әділдік сұрайды

Қарағандыдағы “Юность-2012” хоккей командасының ата-аналары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, балалар хоккейін қаржыландырудағы теңсіздікке назар аударуды өтінді, деп хабарлайды KazFace.kz.  

Олардың айтуынша, негізгі қолдау елордалық “Барыс” клубына бағытталған, ал өңірлердің жас спортшылары, жетістіктеріне қарамастан, көмексіз қалып отыр. “Юность-2012” 2024–2025 маусымында Қазақстан чемпионы атанып, 2025 жылы Канададағы Pee Wee халықаралық турнирінде 120 команданың ішінде екінші орын алған.

Алайда халықаралық және ресейлік біріншіліктерге қатысу шығындары толықтай ата-аналарға жүктеліп, қаржылық ауыртпалық туғызуда. Жергілікті билікке жасалған өтініштер әзірге нәтиже бермеген.

Ата-аналар 2025–2026 жылғы маусымға қатысу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіп, қаржыны өңірлер арасында әділ бөлуді сұрайды.