Билік

Тоқаев пен Зеленский Украинадағы қақтығысты тоқтату жолдарын талқылады

Тоқаев пен Зеленский Украинадағы қақтығысты тоқтату жолдарын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды KazFace.kz тілшісі  Ақорданың  баспасөз хатшысына сілтеме жасап.


Келіссөз барысында екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өзінің көзқарасын ортаға салды.


Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Президент Қазақстанның әрқашан халықаралық құқық нормаларын, мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен шекарасының мызғымастығын қолдап келе жатқанын айтты.


«Жаман бейбітшілік жақсы жанжалдан артық», – деді Мемлекет басшысы, барлық тарапты осы қағидатқа сүйене отырып әрекет етуге шақырды.


Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Украина өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.