2024 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 5%-ға өсіп, 136,6 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды KazFace.kz.
ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісі 35,9%, қызметтер секторы 58% үлеске ие болды.
Негізгі өсім құрылыс (15,3%), ауыл шаруашылығы (13,7%), көлік және қоймалау (9,4%), сауда (8,9%) және өңдеу өнеркәсібі (6,8%) салаларында байқалды. ЖІӨ-дегі ең үлкен үлес өнеркәсіпке тиесілі – 26,1%.
2024 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 444,6 АҚШ долларын құрады.
Сондай-ақ, бақыланбайтын экономика үлесі 2020 жылғы 20,2%-тен 2024 жылы 16,7%-ке дейін төмендеді. Оның ішінде заңсыз қызмет үлесі ЖІӨ-нің 1,18%-ын құрады.