Бақытжан Байжанов жақында бостандыққа шығады

Степногор қалалық соты Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қанағаттандырды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабы 2-бөлігіне сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. Конституцияның 30 жылдығына байланысты қабылданған амнистия туралы заңға сәйкес, белгіленген жаза мерзімінің үштен бірі қысқартылады.
Соттың хабарлауынша, Байжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот үкіміне сәйкес, Байжанов мемлекетке төленуге тиіс мәжбүрлі төлемдер мен процессуалдық шығындарды толық өтеген. Осыған байланысты, оның өтелмеген жазасының үштен бірі қысқартылып, қалған мерзім ретінде 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кету керек, бұл сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасыру ісі бойынша айыпталған. Ол 2023 жылдың 12 қарашасында ұсталып, 2024 жылдың шілдесіне дейін тергеу изоляторында болған. Заң бойынша, тергеу изоляторындағы бір күн 1,5 күн ретінде есептеледі. Егер амнистия толықтай қолданылса, Байжанов бостандыққа шамамен 2026 жылдың қазан айында шығуы мүмкін.