Қазақша теледидар тілі: базардан да төмен бе?

Гульбану АБЕНОВА
Тіс дәрігерінің креслосында отырғанымда, теледидарда көрсетіліп жатқан бір қазақ фильмін еріксіз тыңдадым.
Алайда ондағы сөйлеу деңгейі көңілге қонбайды. Базардағы сатушылардың әңгімесін тыңдап отырғандай әсер қалдырды. Тіпті базарда қазақша әлдеқайда дұрыс сөйлейтін сияқты.
Мысалы, мынадай тіркестер естілді: «Мен декреттемін, баламды медосмотрға әкелдім», «Папасының копиясы екен» және осы сарындас көптеген сөздер. Орысша сөздерде қазақшалап ұрабереді.
Әрдайым бізді, орыс тілділерді, «қазақша жазбайсыңдар» деп сынайсыңдар, ал өздерің орталық телеарнада осындай деңгейдегі сөйлеуге жол бересіңдер. Әдеби цензура мүлдем жоғалған ба, әлде сол жерде кәсіби деңгей төмен мамандар уровенғойлар ғана жұмыс істей ме?
Кеңестік балалық шақта, орталық Мәскеудің ықпалында болсаң да, керемет қазақ тілінде түсірілген тамаша фильмдер болды, мысалы, «Гауһартас», «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште», «Алпамыс мектепке барады»…
Қандай әдемі қазақ тілі еді ол кезде. Актерлердің дауыстары да қандай жағымды болатын, дубляж болса да. Өте көркем әрі қадірлі қазақ тілі еді. Ал қазір бұл — туған әрі мемлекеттік тілге жасалған қорлық пен ең жоғарғы дәрежедегі құрметсіздік деп санаймын.