Жаңалықтар

Джеки Чан Алматыда не үшін келгені белгілі болды

Джеки Чан Алматыда не үшін келгені белгілі болды

Әлемге әйгілі актер, режиссер әрі каскадер Джеки Чан Алматыға келді. Ол Facebook парақшасында қазақстандық әріптестерімен түскен суретін жариялап, сапарын растады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Актердің айтуынша, ол қаладағы түсірілім алаңдарын көріп шыққан. Қазақстандық Salem Entertainmentкомпаниясы да бұл ақпаратты қуаттап, Джеки Чанмен үлкен бірлескен жобаны бастап кеткендерін мәлімдеді. Компания өкілдері болашақ картинаның негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетінін айтты.

Жобаның басқа егжей-тегжейі әзірге құпия сақталуда, бірақ ұйымдастырушылар «ауқымды дүние болады» деп сендірді.