Жаңалықтар

Ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

Ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

Әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 75 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды KazFace.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент жеделхатында Талғат Амангелдіұлының ғарышты үш рет бағындырған ерлігі, ашық ғарышқа шыққан батырлығы мен еліміздің аэроғарыш саласына қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді.

“Кәсіби біліктілігімен, азаматтық келбетімен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды”, – делінген жеделхатта.

Марқұмның иманы жолдас, жаны жәннатта болсын.