Билік

Қызылордада 88 млн теңге бопсалағандар сотталды

Қызылордада 88 млн теңге бопсалағандар сотталды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қызылордада кәсіпкерлерден ірі көлемде ақша бопсалаған екі азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.  Тергеу мәліметінше, «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерге мониторинг жүргізген топ мүшесі сыбайласымен бірге тексеріс нәтижесін оң шешуге уәде беріп, 88 млн теңгеден астам қаражат алған. Түскен ақшаның бір бөлігіне коттедж бен автокөлік сатып алынған.

Сот шешімімен басты айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Ал оның сыбайласы 5 жылға шартты жаза алды.