«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл жетістікке тағы екі команда – Норвегияның «Будё-Глимт» және Кипрдің «Пафос» клубтары да қол жеткізді.
Норвегиялық команда плей-офф кезеңінде Австрияның «Штурм» клубын екі кездесудің қорытындысы бойынша 6:2 есебімен ұтса, кипрліктер Сербияның атақты «Црвена Звездасын» сенсациялық түрде жарыстан шығарды – 3:2.
Ал «Қайрат» футбол жанкүйерлерін қуантқан нағыз сенсация жасады. Шотландияның «Селтигін» қақпаға гол соқпай-ақ (0:0) пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке жетті. Бұған дейін алматылықтар іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпиясын» (қос кездесуде 3:1), Финляндияның КуПС-ын (3:2) және Словакияның «Слованын» (1:1, пенальти — 4:3) жарыстан шығарған болатын.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластарын 28 тамыз, бейсенбі күні өтетін жеребеде анықтайды.