Қоғам
20-го августа 2025 г. 21:48
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Ақмола облысының Үлгі ауылында найзағай екі балаға түсті. Бірі қаза тапты, екіншісі ауыр халде, деп хабарлайды KazFace.kz.
Оқиға 20 тамыз күні сағат шамамен 14:00-де болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2015 жылы туған бала оқиға орнында қаза тапты. Ал 2010 жылы туған тағы бір бала ауыр жарақат алып, Біржан сал аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қазір оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Қайғылы жағдайға тап болған екі бала да – Астана қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.