Билік
Пресс-релиз

Құрылыс индустриясы: Ел экономикасының жаңа қозғаушы күші

Құрылыс индустриясы: Ел экономикасының жаңа қозғаушы күші

Тамыздың екінші жексенбісінде Қазақстанда Құрылысшылар күні аталып өтеді. Соңғы алты жылда елде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 871 мың пәтер берілді. 2024 жылдың алғашқы жартысында 7,9 млн шаршы метр үй пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Салаға 15,4 трлн теңге инвестиция тартылып, 106 мыңнан астам адам еңбек етуде. Орташа жалақы – 485 мың теңге. Алдағы жылдары 210 мың жаңа маман қажет. Білікті кадр даярлауға мыңдаған грант бөлініп, колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 82,7%-ға жетті.

2024 жылы рекордтық 19,1 млн шаршы метр үй салынды. Су тасқынынан кейін 9 156 үй жөнделіп, 2 700 жаңа үй тұрғызылды.

«e-Qurylys» және «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесі» жүйелері арқылы құрылыс толық цифрлануда. Министр Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, құрылыс – урбанизация жағдайында экономиканың сенімді тірегі.