Жастар «Jas Keñes Sıylığı» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

«Jas Keñes Sıylığı» — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Мақсаты – ел дамуына үлес қосып жүрген жас мамандарды қолдау және олардың еңбегін қоғамға таныту.
Сыйлыққа еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда табысты еңбек етіп жүрген, жасы 35-ке толмаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Байқауға өтінім беру рәсімі https://www.jas-kenes.kz/application сайтында онлайн жүзеге асады.
Биылғы байқау үш кезеңнен тұрады, ал әрбір номинация бойынша екі жеңімпаз анықталады. Жалпы 10 номинация бойынша 20 жеңімпаз марапатталады. Жүлде қоры – 20 миллион теңге. Яғни әрбір жеңімпазға 1 миллион теңгеден қаржылай сый беріледі.
2024 жылмен салыстырғанда биыл байқау аясы кеңейіп, жаңа сала мамандарына арналған номинациялар қосылды. Атап айтқанда, жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, дәрігерлер, ІТ саласы, креативті индустрия мен атом өнеркәсібі қызметкерлері үшін арнайы аталымдар енгізілген.
Биылғы 10 номинацияның тізімі мынадай:
- «Janqıarlyq» – ішкі істер органдары мен қарулы күштер қызметкерлері үшін;
- «Altyn jürek» – орта және кіші медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге арналған;
- «Önerkäsıp» – өндірістік сектор өкілдеріне;
- «Bolaşaq turaly qamqorlyq» – инклюзивті білім беру, әлеуметтік қызмет және волонтерлерге арналған;
- «Bılım jäne Ğylym» – педагогтер мен ғылыми қызметкерлер үшін;
- «Qaisar» – құтқару қызметі мен азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарға арналған;
- «Altyn qol» – жұмысшы мамандықтары және тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерлері үшін;
- «Zharyq» – энергетика, мұнай-газ және атом өнеркәсібі қызметкерлеріне арналған;
- «Örken» – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандарға;
- «Örleu» – ІТ және креативті индустрия өкілдеріне арналған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сыйлық жастарды жігерлендіріп, олардың қоғамдағы мәртебесін арттырады.
Сыйлық туралы толық ақпаратты және байқау ережесін www.jas-kenes.kz сайтынан білуге болады.