Жаңалықтар

Жоғарғы Сот кеңесінің қызметіне өзгерістер енгізілді

Жоғарғы Сот кеңесінің қызметіне өзгерістер енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 маусымда жоғарғы сот кеңесінің қызметіне өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazface.kz

Атап айтқанда, Кеңестің екі негізгі функциясы нақтылады: 

Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы, сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы, кассациялық соттың судьясы, сондай-ақ жоғарғы сот судьясы лауазымына орналасу үшін кеңес тарапынан конкурстық іріктеу ұйымдастыру;

Аудандық сот судьясы, сот алқасының төрағасы, облыстық соттың судьясы, кассациялық соттың судьясы және жоғарғы соттың судьясы лауазымдарына үміткерлердің құжаттарын алдын ала қарау және олардың талаптарға сәйкестігін тексеру.

Сонымен қатар, жарлықта жоғарғы сот кеңесінің қарауына шығарылатын бірқатар ұйымдастырушылық-кадрлық және басқа да мәселелер бойынша аналитикалық және өзге де материалдарды дайындау қарастырылған. Атап айтқанда:

Облыстық соттар мен кассациялық соттар төрағаларының, жоғарғы соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына үміткерлер жөнінде жоғарғы сот төрағасының ұсынымдарын қарау;

Аудандық сот төрағасы, облыстық соттың төрағасы мен сот алқалары төрағасы, кассациялық соттың төрағасы және судьясы, жоғарғы соттың сот алқаларының төрағасы мен судьясы лауазымдарына кадрлық резервті қалыптастыру мәселелері қаралады.

Бұл өзгерістер сот жүйесін одан әрі жетілдіруге, кадрларды іріктеу процесін ашық әрі тиімді етуге бағытталған.