Перизат Қайрат пен оның анасы қамаудан шықпайтын болды

Астанадағы апелляциялық сот Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KazFace.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін сот Перизат Қайратты орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ал Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен болатын.
Бүгінгі сот отырысында Перизат Қайраттың адвокаты оны толықтай ақтауды сұрады. Сондай-ақ Перизат Қайраттың қазіргі уақытта қайда екені белгілі болды.
Айта кетейік, биылғы 11 тамызда адвокат Арман Давлетяров Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның мүддесін қорғап, апелляциялық шағым түсірген еді. Ол соттан үкімді жойып, олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақтауды сұраған болатын.
Сот шешімі бойынша Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімі өзгеріссіз қалды.