Жаңалықтар
14-го августа 2025 г. 21:29
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Оқу-ағарту министрлігі алгебра мен геометрияны «Математика» атты біртұтас пәнге біріктіруді, сондай-ақ химия, физика және биологияны «Жаратылыстану» пәні ретінде оқытуды ұсынып отыр, деп хабарлайды KazFace.kz.
Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл тәжірибе алдымен 20 өңірдегі пилоттық мектептерде сыналады. Егер нәтиже оң болса, өзгерістер еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі. Қанағаттандырмаса, бұрынғы жүйеге қайта оралу қарастырылады.
“Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Мұғалімдер жұмыссыз қалмайды, барлық нюанстар алдын ала мұқият пысықталады”, – деді министр үкіметтегі брифингте.