Қазақ тазысы әлемдік көрмеде жүлделі

Қазақстандық тазы тұқымы дүниежүзілік иттер көрмесінде таныстырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Хельсинкиде өткен World Dog Show 2025 көрмесінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 25 мың иттің ішінде Қазақстаннан барған сегіз тазы қатаң іріктеуден өтіп, бәйгеге қосылды.
Нәтижесінде бес тазы жүлделі орын алды: «Әлемнің жас чемпионы» атағын Тамерлан, «әлем чемпионы» – Лашын, «әлем чемпионкасы» – Ару, вице-чемпион – Көксерек, вице-чемпионка – Пана иеленді. Лашын мен Ару өз санаттарында Финляндия чемпионы атанды.
Көрмеде Қазақстан павильоны ұлттық нақышпен безендіріліп, қонақтар тазының тарихымен және ерекшеліктерімен танысты. Ұйымдастырушылар тазының ұлттық қазына және қазақтың жеті қазынасының бірі екенін атап өтті.
Толық халықаралық мойындау 2034 жылға қарай күтіледі.