Әйелдер арасындағы Уимблдон-2025 турнирі тарихи жеңіспен аяқталды

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің төртінші нөмірлі теннисшісі Ига Швёнтек 2025 жылы Лондонда өткен Ұлыбританияның ашық чемпионатында тарихи жеңіске жетті деп хабарлайды KazFace.kz.
Польша спортшысы финалда әлемнің 12-ракеткасы америкалық Аманда Анисимовамен кездесіп, екі сеттеқарсыласын айқын басымдықпен жеңді — 6:0, 6:0. Ойын небәрі 57 минутқа созылды.
Швёнтек матч барысында:
- 2 эйс жасады;
- 2 қос қателікке жол берді;
- 9 мүмкіндіктің 6 брейк-пойнтын сәтті іске асырды.
Бұл нәтиже ашық дәуір (Open Era) тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдай. Уимблдон финалында алғаш рет бірде-бір гейм ұтпаған теннисші тіркелді. Мұндай жағдай тек 1911 жылы ғана орын алған. Сол кезде британдық
Доротея Ламберт-Чамберс өз отандасы Дора Бутбиді дәл осындай есеппен жеңген болатын.
Бұл Ига Швёнтектің мансабындағы алғашқы Уимблдон жеңісі. Жалпы алғанда, ол:
- 4 рет «Ролан Гаррос» жеңіп алған;
- 1 рет US Open жеңімпазы атанған.
Яғни, оның Grand Slam титулдарының саны алтыға жетті.