Роналду сүйіктісіне ұсыныс жасады

Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы Джорджина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол қолында көз жауын алатын сақинасы бар суретпен бөлісіп, астына: «Иә. Бұл өмірімде де, барлық өмірімде де» деп жазған.
Белгілі болғандай Роналду мен Джорджинаның бірге тұрып жатқанқанына тоғыз жыл болған. Ортақ екі бала тәрбиелеп отыр. Олар бірге әлемнің көптеген елін аралап, талай қиындықты еңсергенімен, осы уақытқа дейін ресми некеге тұрмаған екен.
Бұл жаңалық барлық желіде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Әлемдік жұлдыздар мен жанкүйерлер жарыса құттықтауда. Олар екі жастың тойын асыға күтетіндерін жазды.
Ювелир сарапшыларының айтуынша, сақинадағы гауһар тасы 15–20 карат шамасында, бағасы 2–5 миллион доллар аралығында болуы мүмкін депболжап жатыр.