Жаңалықтар

Талдықорғанда 5 мың домбырашы рекорд орнатты

Талдықорғанда 5 мың домбырашы рекорд орнатты

Қазақстанның рекордтар кітабына жаңа жетістік енді! Ұлттық Домбыра күніне орай Талдықорғанда «Ұлы дала үні» атты ауқымды акцияда 5 мың домбырашы бір мезетте әйгілі «Бақтыбайдың әуені» мен «Ерке сылқым» күйлерін орындады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл бірегей бастама Қазақстан рекордтар кітабына енді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты — домбыра өнерін кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Шараға қатысушылардың айтуынша, бұл тек рекорд орнату ғана емес, ұлттық рух пен өнерге тағзым білдірудің көрінісі. Домбыра — қазақ халқының жүрек үні, терең тарихы мен бай мұрасы. Ол ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып, бүгінгі ұрпаққа жеткен асыл қазына.

Мерекелік акцияға түрлі жас ерекшелігіндегі домбырашылар қатысты – мектеп оқушылары, студенттер, кәсіби музыканттар мен халық ансамбльдері бір сахнада күй төкті.