Спорт әлемі

Меруерт Камалиденова әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Меруерт Камалиденова әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова әйгілі қарсыласын жеңіп, Грузияда өтіп жатқан Әйелдер арасындағы шахматтан әлем кубогында сенсация жасады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында хабарланғандай, 19 жастағы Камалиденова әлемнің үздік шахматшыларының бірі – Александра Горячкинаны бірінші партияда жеңді. Ресейлік шахматшы – 2023 жылғы әлем кубогының иегері және әлем чемпионатының финалисі.FIDE баспасөз қызметі бұл жеңісті «күннің басты тосынсыйы» деп атады. 

Камалиденова алғашқы айналымнан сәтті өтіп, әлемнің үздік 64 шахматшысы қатарына енді. Егер ол екі партия қорытындысы бойынша Горячкинаны толық жеңсе, 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі (шамамен 25 миллион теңге) жүлде қорына таласуды жалғастырады.

Айта кетейік, Әйелдер арасындағы Әлем кубогы Батуми қаласында өтіп жатыр және жарыстың бесінші күні мәресіне жетті. Қазақстан шахмат федерациясы Меруерт Камалиденоваға зор сенім артып отыр.