Билік
20-го августа 2025 г. 12:01
Қазақстан үкіметіні ұлттық мессенджер Aitu-да ресми арна ашты, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл қадам мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – мемлекеттік органдардың қауіпсіз байланысын қамтамасыз ету. Сонымен қатар жаңа арна арқылы азаматтар мен БАҚ өкілдері үкіметтің қызметі туралы жедел әрі ресми ақпаратқа қол жеткізе алады.
Үкіметтің ресми хабарламасында атап өтілгендей, премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін цифрлық штабтың шешіміне сәйкес, 15 қыркүйекке дейін барлық мемлекеттік қызметшілер Aitu мессенджеріне толық көшуі тиіс. Бұл әсіресе жеке деректерді қамтитын ақпарат алмасу кезінде қауіпсіздікті күшейту үшін маңызды қадам саналады.