Жаңалықтар

Астанада жасөспірімдерге заңсыз ақша жинатқан

Астанада жасөспірімдерге заңсыз ақша жинатқан

Астана прокуратурасы қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандарды заңсыз ақша жинауға тартқан қайырымдылық қорларын әшкереледі, деп хабарлайды KazFace.kz.

Тексеру кезінде 2008–2010 жылдары туған сегіз жасөспірімнің ресми келісімшартсыз волонтерлікке жұмылдырылғаны белгілі болды. Жиналған қаражаттың жалпы көлемі 340 млн теңгеге жеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалып, қор басшыларының әрекеттеріне құқықтық баға берілмек.